Сабақтың тақырыбы: Футбол добын бір - біріне беру
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды шағын футбол ойынына үйрете отырып салауатты өмір салтына баулу.
Сабақтың түрі: Жетілдіру, жарыс түрінде өткізу.
Қажетті құралдар: Футбол добы, секундомер, ысқырық.
Өткізілетін орны: Спорт алаңы.
Қатысатын оқушылар: 8 - 9 сынып ер балалары
Дайындық бөлімі
Оқушыларды сапқа тұрғызып толықтығын түгендеу. Спорт формаларын тексеру.
Техникалық қауіпсіздіктерді айтып түсіндіру. Шағын футбол ережелерін айтып түсіндіру.
Саптық жүріс:
- Қолды жоғары созып аяқтың ұшымен жүру.
- Қол бүйірде өкшемен жүру.
- Қол белде аяқтың ішкі жағымен және сыртымен жүру.
- Жеңіл жүгіріс.
- Артпен жүгіру.
- Тізені көтеріп алақанға тигізіп жүгіру.
- Екі қол артта өкшені алақанға тигізу.
- Терең демалып жай жүру.
Жалпы дамыту жаттығуларын жүрісте жасау:
Ж. Б: Қол құлыпта.
- 1 - 4: қолды оң жаққа айналдыру;
- 1 - 4: қолды сол жаққа айналдыру.
Ж. Б: Қол құлыпта.
- 1: құлыпты ашпай, қолды алға жіберу;
- 2: Ж. Б.;
- 3: құлыпты ашпай, қолды алға жіберу;
- 4: Ж. Б.
Ж. Б: Қол иықта
- 1 - 4: иықты алға айналдыру;
- 1 - 4: иықты артқа айналдыру
Ж. Б: Оң қолды көтеру.
- 1, 2: қолды артқа сермеу;
1, 2: қолды артқа сермеу;
3, 4: қолды ауыстырып сермеу.
Ж. Б: Қолды жан - жаққа жіберу.
- 1, 2: қолдың ұшын айналдыру;
- 3, 4: шынтақтыайналдыру
- 5, 6: қолды алға айналдыру;
- 7, 8: қолды артқа айналдыру.
Ж. Б: қолды бүгіп кеуде алдына ұстау.
- 1, 2: қолды артқа жіберу;
- 3, 4: қолды түзетіп артқа жіберу.
Жалпы дамыту жаттығуларын бір орында жасау.
Ж. Б: аяқты ашып, қол белде.
- 1 - 4 басты оң жаққа айналдыру;
- 1 - 4 басты сол жаққа айналдыру.
Ж. Б: аяқты ашып, қолды бүгіп кеуде алдына ұстау.
- 1, 2: қолды түзетіп, оң жаққа бұрылу;
- 3, 4: қолды түзетіп, сол жаққа бұрылу.
Ж. Б: аяқты ашып, қол белде.
- 1 - 4: денені оң жаққа айналдыру;
- 1 - 4: денені сол жаққа айналдыру.
Ж. Б: аяқты ашып, қол белде.
- 1: Оң аяққа еңкею;
- 2: Екі аяқтың ортасына еңкею;
- 3: Сол аяққа еңкею;
- 4: Ж. Б.
Ж. Б: аяқты аласа ашып, қол белде.
- 1 - 3: оң аяққа отыру;
- 4: Ж. Б.
- 1 - 3: оң аяққа отыру;
- 4: Ж. Б:.
Ж. Б: Оң аяқты алға жіберіп тірену.
- 1 - 2: оң аяққа отыру;
- 3 - 4: денені бұрып, сол аяққа отыру.
Негізгі бөлім:
10 минуттан 2 тайм ойнату. Командаларды екіге бөліп бір бірімен сәлемдестіру.
Ойынды қай команда бастайтынын жеребе арқылы анықтау. Ойын кезінде ережелердің бұзылмауын қадағалау. Ереже бұзылған болса ескертіп, түзету.
Қорытынды бөлім:
Ойынды аяқтап оқушыларды сапқа тұрғызу. Соққан голдары есебі бойынша жеңімпаз команданы анықтап құттықтау. Жақсы ойнаған оқушыларды жекелей мадақтап айту.
Сабақты аяқтап қоштасу.
Футбол добын бір - біріне беру
: Футбол добын бір - біріне беру
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз1264 қаралым
#дене шынықтыру#футбол добы#футбол добын бір - біріне беру
Ұсынылады
Кіші футбол мектепішілік жарыс
39 «Қызылөзек» орта мектебінде 29 қазан мен 3 қараша аралығында «Қызылорда қаласына - 200 жыл, Астана қаласына - 20 жыл толуына орай» күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Сенің жеке физикалық мүмкіндіктерің
Сабақтың тақырыбы: Сенің жеке физикалық мүмкіндіктерің.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Біз бақытты жанұя отбасылық сайыс
"Біз бақытты жанұя" отбасылық сайысы
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

