Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 57 минут бұрын)
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ашылу матчы: Қазақстанда қайда және қандай уақытта көруге болады

Бүгін, 11 маусымнан 12 маусымға қараған түні Мексикада 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчы өтеді. Бұл туралы Tengri Sport хабарлайды.

Мундиальдың ашылу ойынында, 16 жыл бұрынғыдай, Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) құрамалары кездеседі. Сол кезде Йоханнесбургте командалар тең ойын көрсеткен болатын.

Мексика - ОАР: тікелей трансляция

Әлем чемпионатының алғашқы матчының трансляциясы 11 маусымда қазақстандық уақытпен 23:40-та басталады. Ойынды тікелей эфирде Qazaqstan арнасы, сондай-ақ арнаның сайты көрсетеді.

Айта кетейік, ойын басталар алдында чемпионаттың ашылу салтанаты жоспарланған.

2026 жылғы әлем чемпионаты: кесте

Биыл турнир алғаш рет 48 команданың қатысуымен өтетінін естеріңізге саламыз. Олар 12 топқа бөлініп, үш елде: АҚШ, Мексика және Канадада өнер көрсетеді.

Чемпионаттың барлық 104 ойыны 11 маусым мен 20 шілде аралығында өтеді. Топтық кезеңнің бірінші турындағы ойындар 18 маусымға дейін жалғасады.

ЧМ-2026: бірінші турдың кестесі

12 маусым

13 маусым

14 маусым

15 маусым

16 маусым

17 маусым

18 маусым

Топтық кезеңнің толық кестесімен сілтеме арқылы таныса аласыз.

Бұған дейін Қазақстанның әйелдер құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатына қатысу құқығы үшін плей-офф кезеңіне шыққан болатын.

Ал Венгрия - Қазақстан матчында «пауэр-камераның» алаңға құлап кетуіне байланысты трагедияға айнала жаздады.

Жаңалықтар

Жарнама