FX студиясы Far Cry ойын франшизасының желісі бойынша түсіріліп жатқан сериалдың негізгі актерлік құрамын жариялады. Жобаның түсірілімі басталып кеткен — деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Шоураннер әрі режиссер — «Фарго» мен «Чужой: Земля» сериалының авторы Ноа Хоули. Сондай-ақ «В Филадельфии всегда солнечно» және «Мистический квест» сериалдарынан танымал Роб Макэлхенни басты рөлдердің бірін сомдап, атқарушы продюсер болып қала береді.
Негізгі құрамға «Гарри Поттердегі» Аластор Грюм рөлімен танылған Брендан Глисон, «Омерзительная восьмерка» фильмінен Дженнифер Джейсон Ли, «Полуночная месса» сериалынан Хеймиш Линклейтер, «Легенда» фильмінен Сэм Спруэлл және «Стат сдает квартиры» мен «Барби» жобаларынан Джэми Деметриу кірді.
Еске салайық, бұған дейін сериалда Стив Бушеми де ойнайтыны белгілі болған. Актер «Подпольная империя», «Клан Сопрано», «Фарго», «Бешеные псы» және «Большой Лебовски» фильмдерімен танымал. Ол қандай рөл алғаны әзірге жарияланбай отыр.
Айта кетейік, сериал Far Cry сериясындағы нақты бір ойынның тікелей экранизациясы болмайды. Әр маусым жаңа кейіпкерлер мен орындармен бөлек оқиғаны баяндайды. Сонымен қатар авторлар франшизаның жалпы идеясын сақтайды: адамдар экстремалды жағдайларға тап болады, ал өркениет пен хаос арасындағы шекара біртіндеп жойылады.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle Far Cry бойынша сериалдың 2025 жылдың қарашасында анонсланғанын жазған. Сол кезде авторлар жобаның антологиялық форматын растап, Ноа Хоули оны «Фаргоға» теңеген.


