Тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1. Г дыбысы мен әрпін таныстыру және Г дыбысы бар сөздерді оқи білу дағдысын қалыптастыру.
2. Сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту.
3. Г әрпінің ережесін сақтай отырып, таза, ұқыпты жазуға баулу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын элементтерін пайдалану.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Сыныбымыз тап таза, борда дайын тақтада.
Денемізді жинақтап, отырайық партаға.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар өткен сабақта қандай дыбысты өттік?
- Ү қандай дыбыс?
/үкі, үйрек суреттерін іліп буындық, дыбыстық талдау жасау/
- Әріптерден не құралады?
- Сөзден не құралады?
Олай болса мына суреттерге қарап сөйлем құрастырайық. /үкі, үйрек/
- Кім кінәлі? Жатқа айту
- Рөлге бөліп ойнату
ІІІ. Жаңа сабақ. /жұмбақ жасыру/
Аналарға сыйлайтын, аралар бал жинайтын.
Үзуге адам қимайтын.
Бұл немене, балалар?
Балаларға хормен айтқызу – Гүл
- Ең бірінші қандай дыбыс естіледі?
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Г дыбысы мен әрпі»
- Г дауыссыз дыбыс, тіл арқылы жасалады, шұғыл айтылады
Г хормен айтқызу
- Г - дан басталатын сөздер айтқызу
- Г дыбысы сөздің басында, ортасында келеді
ІҮ. Ойын «Қол шапалақтау»
Шарты; Егер айтылған сөздің ішінде Г дыбысы болса, қол шапалақтаймыз
Жоқ болса шапалақтамаймыз
Көгершін, көбелек, бәйге, тай, гүл, балапан, газет, мысық, шеге, бүлдірген.
Ү Бағандағы сөздермен жұмыс
Сергіту сәті
Қане қанат жазайық,
Құс боп көкке ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
ҮІ. Дәптермен жұмыс
Гг әрпін үлгі бойынша жазу.
ҮІІ. Оқулықпен жұмыс
Ақ көгершін / түсіндіру/
Әнін хормен айту.
ҮІІІ. «Буыннан сөз құрау» ойыны
Ше - та
Ма - ла
Да - ге
Қа - на
Ша - ла
ІХ. Қорытынды
Х. Үйге тапсырма «Ақ көгершін» жаттау
Үлгідегі сөздерді жазу.
ХІ Оқушыларды мадақтап, гүлмен бағалау.
Г дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз717 қаралым
#сауат ашу#1 сынып#г дыбысы мен әрпі
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

