Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Г дыбысы және оның әрпімен таныстыру. Г дыбысына қатысты сөз ойлау, сөзге сөйлем құрай білу. Сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Дүниетанымын арттыру. Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды оқулық
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Армысың алтын күн,
Армысың көк аспан.
Армысың жас дос
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым.
Топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
- Ү дыбысы қандай дыбыс?
Ү дыбысының орнын анықтау.
Ү әрпіне қатысты сөздерді жазу.
Сөздің басы. Сөздің ортасы Сөздің соңы.
1. «Кім кінәлі?» өлеңін жатқа сұрау.
2. Өз сөзімен әңгімелеп айту.
3. Қорытындылау
- Партаны біз сызбаймыз
- Мектеп мүлкін бұзбаймыз.
Қызығушылықты ояту. Жаңа сабақ.
Ребус шешу.
,, 8,,,,,, Гүл сөзі шығады.
Мағынаны тану.
Гүл сөзіне дабыстық талдау жасау.
Г дауыссыз ұяң дыбыс.
Тіл ортасының қатты таңдайға тиіп кері қайтуы әрі дауыс шымылдығының қатысуы арқылы жасалатын ұяң дауыссыз дыбыс.
Г дыбысы тек қана жіңішке дауыстылармен тіркесіп айтылады.
Г дыбысына қатысты сөздер айтқызу. Орнын анықтау.
Сөз соңында кейбір терминдерде ғана келеді. Мониторинг, ринг
Баспа және жазба түрімен таныстыру. Тақтаға жазу.
Видео көрсету сөздерді толықтыру.
Оқулықпен жұмыс. Балалар, бізге құстар әлемінен көгершін құсы келіп тұр.
Ол қандай құс? Көгершін бізге хат алып келіпті. онда г дыбысына қатысты сөздер берілген екен. Оқып көрейік.
Егін егеу егіз сегіз кереге бетеге шеге неге шеңгел мезгіл
1. Сөздерді хормен оқыту. Сөздердің мағынасын түсіндіру.
2. Тізбектей оқу.
3. Топпен оқу.
Көгершіннің хатын оқыдық. Енді көгершінге арнап өлең оқиық.
Кітаптан «Ақ көгершін» өлеңін оқу.
Мұғалімнің оқу.
Хормен оқу.
Әр топтан оқушыға бір шумақтан оқыту.
Сергіту сәті. Әнімен айтқызу.
Көгершінге рахмет айту.
Дәптермен жұмыс. Г әрпін ауада жазу.
Дәптердегі үлгіні жазу.
Ой толғаныс.
Г дыбысына қатысты сөздерді күн шұғыласына жазу.
Бағалау: мақтау - мадақтау.
Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз520 қаралым
#г дыбысы мен әрпі#сауат ашу 1 сынып
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

