2027 жылға жоспарланған G20 саммиті Ұлыбританияның солтүстік-батысындағы Манчестерде өтеді. Бұл туралы inbusiness.kz Times-ке сілтеме жасап хабарлайды. Толығырақ — infohub.kz сайтында.

Келесі жылы Лондон G20-ға төрағалық етеді.

«Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Энди Бернем АҚШ президенті Дональд Трампқа келесі жылы G20 саммиті Манчестерде өтетінін хабарлады», — делінген басылымда.

20 шілдеде Кир Стармер Ұлыбритания премьер-министрі қызметін аяқтайтынын мәлімдеді. Сол күні бұрын Манчестер мэрі болған Энди Бернем қызметіне кірісті. Король Карл III оған үкімет құру үшін мандат тапсырды.

Ұлыбританияның жаңа министрлер кабинетінің басшысы журналистерге ең алдымен АҚШ президенті және Украина көшбасшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отырғанын айтты.