Ғанадағы ең ұзын адам Ауше (Awuche) қайтыс болды, деп хабарлайды infohub.kz.
Ауше дүйсенбі күні таңертең ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер оның еміне жақсы жауап бергенін айтқанымен, кенеттен қаза тапты. Кудус (Kudus) есімді туысы Би-Би-Си-ге Аушенің аяғындағы жаралар Марфан синдромының тікелей салдары емес, асқынуы болуы мүмкін екенін айтты.
Кудустың айтуынша, Гамбага (Gambaga) тұрғындары Аушенің қазасына қатты қайғырды. Олардың ауылы Ауше арқылы танымал болған. «Қайда барса да, қайдан екенін сұрағанда, ол Гамбагадан екенін айтатын, адамдар ең ұзын адамның ауылы осы екенін білетін. Бұл қауымға ерекше мәртебе берді», — деді Кудус.
Ауше 22 жасында ғана құрдастарынан озып өсе бастаған. Ол астана Аккрадағы (Accra) ет дүкенінде жұмыс істеп жүргенде өзгерістерді байқаған. «Тілім аузымда кеңейіп, дұрыс тыныс ала алмайтын болдым», — деп еске алды. Кейін дененің басқа бөліктері де ұлғая бастады. Ақырында Аушеге Марфан синдромы диагнозы қойылды. Бұл ауру ағзаның дәнекер ұлпаларына әсер етеді.


