Ресейлік комик әрі актер Гарик Харламовтың жұбайы, актриса Катерина Ковальчук жүктілік кезінде түсірілген суреттерін жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Актриса Instagram-дағы карусельге қыркүйекте түсірілген фотосуреттерін орналастырды. Кейбір кадрларда ол іші шығып тұрған күйінде бейнеленсе, енді біреулерінде босанғаннан кейінгі сәттер көрінеді: жас ана арбамен серуендеп жүргенде камераға түсіп қалған.
«Қыркүйек. Өмірімнің ең үздік жылындағы ең керемет айы. Жүрегімде мәңгі ең жарқын бояулармен қалады», — деп жазды Катерина.
Оқырмандары бұл жазбаға жылы лебіз білдірді: «Қандай бақыт! Сендер үшін қатты қуанып тұрмын! Ух!», «Құттықтаймыз, кадрлар керемет шыққан», «Ең тәтті қыркүйек», «Уау! Бұл нағыз кино кадрларындай, өте жақсы фильмнен алынғандай».
Еске салайық, жарты ай бұрын, қыркүйектің ортасында Гарик Харламов екінші рет әке атанды.


