Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Гарвард туралы біле бермейтін 7 қызықты дерек

Американың басты университетінің өмір дағдысы...

Американың ежелден келе жатқан және басты университеті осы жылы өзінің 380-жылдығын атап өтті. Құрылғаннан бастап осы кезге дейін дағдылары мен құпиялары сансыз түрде өскендігі соншалық, оның барлығы туралы, тіптен қалың кітапқа да сыйғызу мүмкін емес шығар.  bilim-all.kz Гарвард туралы сіз біле бермейтін ең қызықты 7 деректі таңдап алды.

1. Үш жалған мүсіні

Гарвард ауласына салтанатты түрде орнатылған Джон Гарвардтың мүсіні, - АҚШ-тағы ең көп суретке түсірілген мүсіндер тізімінде үшінші орында. Тұғырының танымалдылығына қарамастан, Гарвард студенттері өзіне лайықты пиететсіз оны «Үш жалған мүсіні» деп атайды. Тұғырында мынадай жазу жазылған: «Джон Гарвард, негізін қалаушы, 1638». Шындығында, Гарвард негізін қалаушыдан гөрі, АҚШ-тың ежелгі универстетіне есімін беру құрметіне лайықты жомарт демеуші болған тәрізді. Сонымен қатар, Гарвард университетінің негізі мүлде 1638 жылы емес, 1636 жылы қаланған. Ең соңғысы, мүсінде нағыз Джон Гарвард бейнеленбеген, мүсіншіге қалыптың рөлінде тұруға келісім берген кездейсоқ студент Даниэл Честер Френч бейнеленген.

Джон Гарвардтың құрметіне қойылған мүсін

2. Гарвард математикалық талдаудан да бұрын дүниеге келген

Гарвардтың өте ежелгі университет болғандығы соншалық, тіптен оның негізі қаланған кезде, есептеулер тәрізді пәндер (немесе математикалық талдау, халықта calculus) сабақ кестесінде болмаған да, өйткені ол тура сол кездерде әлі «шықпаған» да болатын. Есептеулер Готфрид Лейбництің Nova Methodus жарияланымымен XVII ғасырдың соңында пайда болды. Тағы да салыстыру үшін: 1642 жылы қайтыс болған Галилео Галилей, Гарвард университетінің алғаш негізі қаланған сәтте және оның алғашқы жылдарында әлі тірі болған.

Гарвард-колледж, 1767 жылғы сурет

3. Сегіз саны – Гарвардта сиқырлы сан

Гарвард өзін бітірген көптеген беделді тұлғалары арқылы танымал. Олардың арасында, тәуелсіздік декларациясына қол қойған – Гарвардтың сегіз түлегі бар: Джон Хэнкок, Сэмюэль Адамс, Джон Адамс, Уильям Эллери, Уильям Уильямс, Уильям Хупер, Элбридж Джерри және Роберт Трит Пейн. Осы университеттің 8 түлегі кейіннен АҚШ-тың президенттері болған: Джон Адамс, Джон Куинси Адамс, Тед Рузвельт, Франклин Рузвельт, Джон Кеннеди, Джордж Буш-младший, Ратерфорд Хейс және Барак Обама.

4. Жерасты кітапханасы

АҚШ-тағы үлкендігі бойынша екінші орында тұрған Уайденер кітапханасында ірі 10 қабат бар, оның төртеуі жер астында орналасқан. Кітапхана Гарри Элкинс Уайденердің құрметіне аталған, оның анасы Элеонора Гарвардтың құрылысына 3,5 миллион доллар беріп, қайырымдылық танытқан. Алдында жарқын болашақ күтіп тұрған Гарри де осы Гарвардтың түлегі болған, алайда Титаниктің жолаушыларының қатарында болу бақыты оған бұйырмаған.

Уайденер кітапханасы

Элеонора қайырымдылықты бір шартпен жасаған: кітапхана ғимаратының сыртқы көрінісі ешқандай түрде өзгертіле алмайды. Олай болмаған жағдайда кітапхана автоматты түрде Кембридждің (Массачусетс штатындағы қала) жеке меншігіне өтеді. Сондықтан, кітапхананы кеңейту туралы мәселе туындағанда, сәулетшілерге тапқырлық танытуға тура келген, соның нәтижесінде ғимаратты жоғары қарай немесе жанынан кеңейту емес, астына қарай кеңейту идеясы туған.

5. Түсірілімге тыйым салу

1972 жылдан бастап университет аумағында коммерциялық түсірілім жасауға тыйым салынған. Гарвардта сыныптардың ішінде, студенттердің жатақханасында және асханаларда түсірілім жасауға болмайды.

6. Университеттің басты қақпалары көбіне жабық тұрады

Гарвардта тәулік бойына ашық тұратын басқа қақпалар өте көп (жұмыс күндері университет аумағына адамдардың барлығы да кіре алады). Алайда Джонстон қақпасы, кампустың бас қақпалары көбінде жабық тұрады.

Өйткені, Гарвард студенттері олар арқылы тек екі-ақ рет өтуі тиіс. Бірінші рет – кампусқа бірінші курс студенті болып кіргенде, екінші рет – олар Гарвардтан түлек ретінде бітіріп шыққан кезде. Студенттердің бұл қақпалардан екі реттен артық өтуі жаман ырым болып саналады еекен.

Джонстон қақпасы

7. Бірінші курс студенттерінің жалаңаш фотосуреттері 

1940 және 1970-жылдар аралығында Барқыттар лигасы (АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы жеті штаттында орналасқан сегіз дербес америка университеттерінің қауымдастығы) университеттерінің бірқатарында барлық бірінші курс студенттеріне арналған таңырқарлық ереже бар болатын. Гарвард, Йель, Уэллсли колледж және Браунов университеттері, бірінші курсқа түскен барлық қыз-жігіттерді фотографқа жалаңаш күйінде фотоға түсуге жіберетін элиталық америка оқу орындарының қатарында болды. Тыр-жалаңаш студенттердің мыңдаған фотосуреттері сол таңғаларлық уақыттарда жасалған болатын. Студенттер түсірілім жасауға, әрине, ешқандай да жазбаша түрде рұқсаттамаға қол қоймағаны түсінікті. Оларға тек бұрыннан осылай келе жатқандығын айтқан.

Бұл өзгеше фотосессия, оларды университеттермен бірлесе жұмыс істеу жағынан басқарған психолог-ғалым Уильям Херберт Шелдонның үлкен зерттеу жобасының бір бөлігі ғана болатын. Бұл идея бойынша, студенттердің мүсініне қатысты сколиоз, рахит және басқа да қалған кемістіктерін анықтау үшін осы фотосуреттерді (оларда студенттер тура қарап және бір қырымен тұрған) пайдаланбақшы болған. Алайда, шын мәнісінде олардың одан да жаман нәрселерді зерттеу үшін пайдаланғандығы туралы болжам бар. Шелдонның құпия жазбалары, ғалымның Барқыт лигасының бірінші курс студенттерінің фотосуреттерін адам денесі мен оның интеллекті арасындағы қатынасты зерттеу үшін қолданғандығынан дәлелдейді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама