Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигураларды кескіндеу
Сабақтың мақсаты: «Геометриялық фигураларды кескіндеу» тақырыбымен таныстыру. Тақырып бойынша тапсырмалар орындату барысында оқушылардың танымдық, іздемпаздық қабілеттерін дамыту. Шапшаң есептей алуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ - жауап, құрастыру
Көрнекілік: суреттер, дидактикалық материалдар, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру
Психологиялық жағдаят тудыру
Сыныпта біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Күнделікті қызықты,
Кезекті сабақ бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№4 есепті балалардың дәптерлерін жинап алып, тақтаға шығару арқылы үй тапсырмасын қорытындылап тексеріп өтемін.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ой қозғау – логикалық тапсырмалар.
Жұмбақтар шешу
От басында құмған,
Екі көзін жұмған.
/Мысық/
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай – шу.
/Түлкі/
Отырдым мұнан барып оймауылға,
Ілінді екі аяғым байлаулыға,
Қолыма екі қайыс ұстап алып,
Жүргіздім қайда барсам айдауыма.
/Мінген ат/
Жұмбақтардың шешімдерін геометриялық фигуралардан жасалған суреттерді көрсетіп ілу.
Бұл суреттер қандай фигуралардан құрастырылған?
Неліктен үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы деп аталады? /әр фигураның қасиеттерін атату/
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
«Ұқсас пішіндерді тап»
Әр партада отырған екі оқушыға геометриялық фигуралары бар конверт пен геометриялық фигурадан құрастырылған суреттері бар суреттер тарату. Тапсырмаларды орындаған сайын суретке қарап қай сурет пішінге ұқсайтынын табуды сұрайды, пішінді және суретті қосуды ұсынады.
Оқушылар сабаққа қатысқан уақытта алдарына бағалау – фигураларды қойып отыру / «5» - шеңбер, «4» - шаршы, «3» - үшбұрыш/. Сабақтың соңында фигуралар арқылы қорытынды жасап, оқушылардың білімдерін бағалау.
Оқулықпен жұмыс
№ 1. Әр фигураның қабырғаларының ұзындықтарын өлше және жаз. Не байқадың?
Мұғалімі: Қайролла М. М.
Геометриялық фигураларды кескіндеу жүктеу
Геометриялық фигураларды кескіндеу
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигураларды кескіндеу
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз684 қаралым
#геометриялық фигуралар#фигуралар#математикадан сабақ жоспары#геометриялық фигураларды кескіндеу
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

