Германия Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль Ресейден оба институты қызметкерінің қайтыс болуына қатысты түсініктеме талап етіп, Еуроодақ ішінде жүріп-тұруды шектеу енгізуі мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Deutsche Welle» басылымының орыс редакциясы Германия сыртқы саяси ведомствосы басшысы Йоханн Вадефулдің Bild басылымына берген сұхбатының үзіндісін жариялады. Онда ол Ресейдегі оба күдігі аясында жүріп-тұруды шектеуді жоққа шығармады.
Обаны зерттейтін Иркутск облысындағы институт қызметкерінің қайтыс болуын түсіндіре отырып, министр Мәскеуден «ресейлік зертханаларда қандай зерттеулер жүргізіліп жатқанына қатысты толық ашықтық» талап етті.
«Әлемнің сұрақтары бар, Ресей оларға жауап беруге міндетті. Біз тәуекелге бара алмаймыз және бармаймыз. Қажет болса, ЕО халқымызды қорғау үшін жүріп-тұруды шектеу бойынша шешуші шаралар қабылдауы тиіс», — деді саясаткер.


