Гонконг Денсаулық сақтау орталығы (Centre for Health Protection, CHP) ресми баспасөз хабарламасын жариялап, өңірде маймыл шешегі (mpox) ауруының айтарлықтай өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ведомствоның дерегінше, соңғы бір айда өңірде жұқтырғандар саны 70 пайызға артқан.

Құжатта тамыз айынан бастап Гонконгта 21 жаңа жұқпа оқиғасы анықталғаны, бұл ағымдағы жылғы барлық ауру статистикасының 70 пайызын құрайтыны атап өтілген.

Хабарламадағы мәліметке сәйкес, 2022 жылдан бері мегаполисте mpox-тың 114 оқиғасы ресми тіркелген, оның 90-ы жергілікті, 24-і сырттан әкелінген. Анықталған науқастардың барлығы ер адамдар екені белгілі болды. Ағымдағы жылдың басынан бері барлығы 30 жұқпа оқиғасы тіркелген, оның ішінде 23-і жергілікті және жетеуі шетелден әкелінген.

Жұқтырғандар санының айтарлықтай өсуіне байланысты CHP басшылығы вирустың таралу тізбегін үзу үшін кешенді тәсілді қолданып, мақсатты профилактикалық және бақылау шараларын енгізуде. Сонымен қатар mpox-қа қарсы арнайы бағдарлама аясында халықты вакцинациялау көлемі біртіндеп ұлғайтылуда.