Қазақстанда магистратураға грант арқылы түсуге ниет білдірушілерге арналған тестілеу аяқталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, магистратураға түсу үшін тестілеуден шамамен 58 мың үміткер өткен. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 77 балл, бейіндік бағыт бойынша – 24 балл болды. Ең жоғары балл – 139.

Кешенді тестілеу барысында ереже бұзғаны үшін 94 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды өткізуге тырысқаны үшін 69 үміткер тестілеуге жіберілмеді. Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 25 адам шығарылды, олардың нәтижелері де жойылды.

Магистратураға түсу үшін ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша өтпелі балл – 75, бейіндік бағыт бойынша – 30 балл, деп атап өтті әкімдікте.

Грант конкурсына құжаттар қабылдау 12-18 тамыз аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Болашақ магистранттарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсыру қажет: жеке куәліктің көшірмесі, жоғары білім туралы құжат (диплом және қосымша), кешенді тестілеу сертификаты және шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар (болған жағдайда).

Өтініш беру кезінде түсуші бір білім беру бағдарламалары тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады.