Қазақстандық кәсіпкер Бахытбек Байсейітовке қарасты Green Invest Group қаржы компаниясы 2025 жылды 1,13 млрд теңге таза пайдамен аяқтады. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен екі есе дерлік көп — сол жылы компанияның табысы 569,2 млн теңгені құраған еді. Бұл компанияның қаржылық есептілігінде көрсетілген... деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Green Invest Group 2022 жылдың сәуірінде инвестициялық компания форматынан қаржылық қызмет көрсетуге көшті. Компания активтері BCC Invest сенімгерлік басқаруында.

Басқарушы компания активтерді басқа ұйымдардың үлестеріне, мүлікке, қаржы құралдарына және Қазақстан заңнамасында инвестициялық қорларға рұқсат етілген басқа да активтерге салады.

Компания бақылайтын құрылымдар арқылы ауыл шаруашылығы (Green Finance), аквакультура (Green Project Management) және логистика (Nomade Project Management) сияқты салаларда қызмет етеді.

Бахытбек Байсейітовке Green Invest Group акцияларының 74%-ы тікелей тиесілі, қалған 26%-ы BRB Invest-ке тиесілі, онда да ол түпкілікті бақылаушы тарап болып табылады.

Байсейітов Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның 75 ең бай бизнесмендері рейтингінде 858 млн доллар байлығымен 13-ші орында тұр. Green Invest Group-тан басқа, оған ЦентрКредит Банкінің дауыс беретін акцияларының 51,76%-ы және BCC Invest, сондай-ақ Orient Invest Group-тың 100%-ы тиесілі.

Green Invest Group көрсеткіштерінің негізгі өсімін қаржы активтері бойынша таза табыс қамтамасыз етті, ол бір жылда екі есе өсіп, 568,9 млн теңгеден 1,14 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар компанияның операциялық шығындары тұрақты деңгейде қалды:

Жалпы және әкімшілік шығындар: 12,8 млн теңге (2024 жылы – 12,6 млн теңге).

Комиссиялық шығындар: 563 мың теңге (2024 жылы – 590 мың теңге).

Өзге шығындар (нетто): 2,1 млн теңге (2024 жылы компания 5,1 млн теңге өзге табыс алған).

Салық салынғанға дейінгі пайда 1,13 млрд теңгеге жетті, бір жыл бұрын 570,1 млн теңге болған. Жыл қорытындысы бойынша бір акцияға шаққандағы базалық пайда 1,88 теңгені құрады (2024 жылы – 0,95 теңге).

Бұған дейін «Курсив» Байсейітовтің инвесткомпания басшылығына жарты жылда 481 млн теңге төлегенін жазған болатын.