Балбырап шыққан жазғы гүл,
Көз тартқандай болады.
Кім біледі, сол түрде
Ер жетеді, толады;
Кім біледі, дән сорып,
Қандай мақұлық қонады;
Кім біледі, тола алмай,
Суық соғып тоңады;
Кім біледі, құрт түсіп,
Мезгілінсіз солады.
Мұның бәрін білмесең,
Өмірің қайдан оңады?
#Сұлтанмахмұт Торайғыров#өлеңдер#сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері#гүл#қазақша өлең
1 қазан – Қарттар күні. Бұл күн қарттарымызды қадірлеп, олардың өмірлік еңбектерін еске алып, алғыс білдіретін ерекше мереке. Әрбір жанұяда ата мен әженің орны бөлек. Олар біздің өмірімізге тәрбие мен өнегені жеткізіп, ақыл-кеңесімен қолдау көрсетіп отырады. Осы мерекеге арналған тақпақтар арқылы біз қарттарымызға деген құрметімізді білдіріп, олардың жүрегіне жылулық сыйлай аламыз. Қарттар күні – ата мен әжелерімізді бағалап, оларға алғыс айтатын кез!
Қарттар күніне арналған тақпақтар: Қарттарым – қазынам 1 қазан Қарттар мерекесіне арналған өлеңдер мен тақпақтар қарттар туралы өлең ата жайлы өлең ана жайлы өлең әже туралы өлең қарттар күні сценарий