Сабақтың мақсаты: Ғұндардың тұрмысы қоғамдық құрылысы және шаруашылығы туралы
Білім беру.
Дамытушылық мақсаты: Ғұндардың тарихының даму ерекшеліктері және маңызын ашып көрсету. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Қазақ даласын мекендеген ғұн тайпасының әлемдік деңгейге қосқан үлесі және Атилланың ерлігін баяндай отырып, елін қорғауға, ұлт жандыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, Карта. Схема «Ия - жоқ» ойыны.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы;
Ой қозғау, іздену, мәселені шешу.
Сабақтың әдісі: «Ойталқы», топтық жұмыс,(жигсо әдісі);
Автор орындығы;
Ұқсату;
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша әдісті қолдану.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
І. Қызығушылықты ояту:
1. Адамзаттың өткен тарихын заттай тарихы мұралар арқылы зерттейтін ғылым қалай аталады?
2. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі.
3. Қазақстан жерінде өмір сүрген ең алғашқы тайпалар?
1. Үй тапсырмасын сұрау: (жигсо - 1 әдісі)
Сыныпты үш топқа бөлемін. Әр топ оқушының «отбасы» одан әрі отбасы мүшелері. Берілген сұраққа және жылдам жауап берген топқа дөңгелекшелер беріп отырамын.
2. Автор орындығы: «Мен Еділ патшамын». Бір немесе бірінші оқушы шығып, Еділ патшаның өмірінен сахналық көрініс көрсетеді.
Жаңа сабақ: Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы.
ІІ. Мағынаны ажырату.
Білімді кеңейту, тақырыпты ашу /15 минут/.
«Отбасы» мүшелері өзара нөмері мен бөліседі. Әр топтың бірінші сандары - 1 топқа, «2» деген сан иесі - 2 топқа, «3» санын алушылар 3 - топқа жиналады. Бұл топ оқушының - «жұмыс орны». Осында оқушыларға мәтіннен тақырыпшылар беріледі. Оқып болған соң топ мүшелері оқығандарын ортаға салады.
Олар «отбасына» оралып, әр оқушы өзінің оқығанын топ мүшелеріне түсіндіреді.
Мәтінмен жұмыс. Топ тапсырмалары.
1 - тапсырма:
1 - топ: Ғұндардың тұрмысы.
2 - топ: Қоғамдық құрылысы.
3 - топ: Ғұндардың мәдениеті.
ІІІ. Ой - толғаныс.
2 - тапсырма:
Ұқсату:
Мәтіннен өздерінің өмірлеріне сәйкес келетін тұстарын оқып айту.
3 - тапсырма:
«Иә - жоқ»ойыны
1. Ғұндар кезеңі б. з. б 3 ғасыр мен б. з. д төрт ғасыр аралығын қамтиды.
А) Иә; Ә). Жок
2. Ғұн билеушісінің «хан» деп атаған.
А) Иә; Ә) Жоқ
3. Ғұн мемлекетінде ру саны - 24
А) Иә; Ә) Жоқ
4. Цин патшалығы сақтардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салды.
А) Иә; Ә) Жоқ
5. Шаньюйден кейінгі басты тұлға -«түменбасы»
А) Иә; Ә) Жоқ
6. «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» бастаған - сақтар.
А) Иә; Ә) Жоқ
7. «Атилла» операсын жазған итальян композиторы - Джузеппе Верди
А) Иә; Ә) Жоқ
8. Ғұндар бұйымының бетіне түрлі - түсті заттарды жапсыруы -«аң стиль»
А) Иә; Ә) Жоқ
9. Еуропада Атилла ғұн империясын қазіргі Венгрия жерінде құрған.
А) Иә; Ә) Жоқ
10. Ғұндардың негізгі өмір салты - көшпелі өмір.
А) Иә; Ә) Жоқ
Сабақты бекіту:
Топтастыру:
ҒҰНДАР
Үй тапсырмасы: « Құдіретті Ғұн империясы» тақырыбында шығарма жазу.
Бағалау:
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сабақтың мақсаты: Ғұндардың тұрмысы қоғамдық құрылысы және шаруашылығы туралы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз992 қаралым
#ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ұсынылады
Оралдық депутаттар жол жүру және қоқыс шығару тарифтерін талқылаудан бас тартты
Қала әкімдігі ұсынған жаңа тарифтерді қабылдаудан бас тартқан депутаттар ақпараттың жеткіліксіздігін алға тартты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 11 маусым
VI ғасырдағы жәдігер: Маңғыстаудан өңір тарихына жаңа көзқарас беретін артефакт табылды
Маңғыстау облысындағы Қарақабақ көне қалашығынан табылған VI ғасырға жататын құмыра өлке тарихына қатысты жаңалықтар ашуы мүмкін.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Алтын Орданың мұрагерлері: Қазақстан тарихының ресми нұсқасы қалай өзгеруде?
Тарихшы Жамбыл Сабитов Қазақстанның Алтын Орда мұрасына неге көбірек жүгінетінін, тарихқа деген көзқарас қалай өзгеретінін және мектеп оқулықтарында қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтып берді.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

