Голливуд актрисасы әрі Goop компаниясының негізін қалаушы Гвинет Пэлтроу OpenAI басшысы Сэм Альтманның құрметіне жабық кеш ұйымдастырғаны үшін қатты сынға ұшырады. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Puck News басылымының мәліметінше, шара 29 тамызда Нью-Йорк штатындағы Амагансеттегі жұлдыздың үйінде ашық аспан астында өтеді. Гүл өрнегі мен көгершін бейнеленген шақыру қағазында кездесуге "баспасөз үшін емес" мәртебесі берілгені көрсетілген. Іс-шараны Goop командасы ұйымдастырады, ал брендтің электрондық поштасы қатысуды растау үшін пайдаланылады.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жаңалыққа теріс реакция білдіріп, 53 жастағы актрисаны шындықтан алшақтап, жасанды интеллектіні ілгерілететін миллиардерлермен ынтымақтастықта деп айыптады. Бұған дейін Пэлтроу бизнесте ЖИ технологияларын үнемі қолданатынын және осы саладағы стартаптарға инвестиция салатынын мәлімдеген.
Ал Сэм Альтман мен актрисаның өкілі бұл жағдайға әзірге түсініктеме берген жоқ.


