Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі білім гранттарын иеленген талапкерлерге 25 тамызға дейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына құжат тапсыру қажеттігін еске салды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ведомствоның түсіндіруінше, грант иелері grant.testcenter.kz сайтында грант беру туралы куәлікті ала алады. Одан кейін таңдаған оқу орнына грантқа немесе ақылы негізде оқуға құжат тапсыру қажет.

Қажетті құжаттар тізімі: жеке куәлік, 3×4 өлшеміндегі фотосурет, орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом, № 075/у нысанындағы медициналық анықтама, жігіттер үшін әскери комиссариаттың есепке алу куәлігі, білім грантының электрондық куәлігі (бар болса), сондай-ақ жеңілдік санаттары бойынша растайтын құжаттар (бар болса).

Еске салайық, өткен аптада Қазақстанда білім гранттарын иеленушілердің ресми тізімі жарияланған болатын.