Тамыз айының соңында Рудный қаласының 69 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Мерекенің хедлайнері – тринидадтық текті неміс поп-әншісі Haddaway (шын аты – Нестор Александр Хаддавэй), деп хабарлайды infohub.kz.

Haddaway ТМД елдеріне 1993 жылы шыққан «What Is Love» трегінің арқасында кеңінен танылды. Бұл ән әлемнің барлық дерлік континенттеріндегі чарттардың алғашқы орындарынан көрінді. Сонымен қатар оның «Life», «I Miss You» және «Rock My Heart» синглдары да танымал болды. Әнші 2025 жылғы ақпанда Қарағандыда өнер көрсеткен болатын.

21 тамыздағы мерекелік бағдарламада балаларға арналған іс-шаралар мен күш сынасы өтеді. Сахнада Haddaway-мен бірге жергілікті әртістер мен қазақстандық әнші BAYANSULU (Баянсұлу Сағындықова) өнер көрсетеді. Мереке отшашумен аяқталады.

Бұған дейін Павлодардағы Қала күнінің бағдарламасы туралы хабарланған болатын: 25 шілдеде Ертіс жағалауында ресейлік әнші МакSим, румындық Fly Project тобы, сондай-ақ қазақстандық «Ирина Кайратовна», Диана Исмаил және Ильхан орындаушыларының қатысуымен тегін концерт өтеді.