Halyk Bank акционерлері бір акцияға 28,09 теңге мөлшерінде дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады, бұл жалпы 306,6 млрд теңгені құрайды. Бұл — жыл ішіндегі екінші төлем, деп хабарлайды infohub.kz.
Шешім 20 тамызда акционерлердің сырттай жиналысында қабылданды. Төлемдер 7 қыркүйекте басталады, ал акционерлер тізімі 26 тамызда бекітіледі. Банктің 2025 жылғы пайдасы 1 трлн теңгені құрады, оның 328 млрд теңгесі сәуір айында дивиденд ретінде төленген болатын.
Сонымен қатар, акционерлер жарғыға өзгерістер енгізіп, дивидендтерді жылына төрт ретке дейін төлеуге мүмкіндік берді. Егер бұл жүзеге асса, банктің барлық пайдасы дивидендтерге жұмсалуы мүмкін.
Еске салайық, Halyk Bank акцияларының 62%-ы «Алмэкс» холдингтік компаниясына тиесілі, ол 6,8 млрд акцияға ие және 189,8 млрд теңге дивиденд алады. Қалған 35% акция еркін айналымда және Қазақстан қор биржасында, AIX және Лондон қор биржасында сатылады.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша банктің таза пайдасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға төмендеп, 447,6 млрд теңгені құрады.


