Иранның Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи ирандықтарды АҚШ-тағы саяси өзгерістер екі ел арасындағы қатынастардың жақсаруына әкеледі деп үміттенбеуге шақырды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ол бұл туралы 1979 жылы Тегерандағы американ елшілігінің басып алынуының жылдығына және Иранда атап өтілетін империализмге қарсы күрес күніне орай жасаған үндеуінде мәлімдеді.

«Егер әлі де билік жүйесіндегі мінез-құлықтың өзгеруіне немесе партиялық-фракциялық өзгерістерге қандай да бір үміт артып жүргендер болса, не АҚШ-қа жол беру арқылы оларды иран халқына деген қастықтан бас тартқызуға болады деп ойлайтындар болса, олар қатты қателеседі», — делінген Хаменеи үндеуінде.

Айта кетейік, 3 қарашада аралық сайлауда американдықтар Өкілдер палатасының барлық 435 мүшесін және 35 сенаторды сайлады. CNN телеарнасының болжамы бойынша, демократтар Өкілдер палатасында көпшілікке ие болады. Сонымен қатар Блумберг агенттігінің болжамы бойынша, партия кемінде 51 орынды қамтамасыз етіп, Сенатты да бақылауға алуы мүмкін.