Ғалымдар Жапонияның Хиросима қаласынан алынған топырақ үлгілерінен ғылымға бұрын белгісіз затты тапты. Ол «хиросимаит» деп аталды. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл зат 1945 жылғы атом бомбасы жарылысынан кейін пайда болған. Бұл туралы «Курсив» басылымы хабарлайды (толығырақ — infohub.kz сайтында).
Бұл жаңалықты Флоренция университетінің италиялық геологы әрі кристаллографы Лука Бинди ашты. Хиросимаит – диаметрі шамамен 10 микрометр болатын микроскопиялық сфералар. Олар темір, никель, кремний және алюминий сияқты бес немесе одан да көп металл элементтерінен тұрады әрі бірыңғай кристалдық құрылымға біріккен. Мұндай көп компонентті құймалар табиғатта өте сирек кездеседі.
Ғалымдардың айтуынша, зат 1945 жылғы 6 тамызда атом бомбасы жарылғаннан кейін эпицентрдегі температура 7 мың градустан асқан кезде пайда болды. Құрылыс материалдары, топырақ және металл конструкциялар буланып, сосын салқындау кезінде өте ұсақ тамшыларға айналып, олар кристалдық сфера түрінде қатты.
Зерттеу авторларының пікірінше, мұндай материалдар жоғары беріктікке, коррозияға және экстремалды температураға төзімді болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл жаңалық ядролық жарылыстардың тек қана материалдарды жойып қана қоймай, жаңа күрделі кристалдық құрылымдарды да жасай алатынын көрсетеді.
Бұған дейін «Курсив» басылымы ғалымдардың жасанды интеллект көмегімен антибиотиктердің жаңа класын ашқанын хабарлаған болатын.


