Тақырыбы: "Ы" дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: «Ы» дыбысы мен әрпінің басқа және жазба түрлерімен таныстыру. Сөздік қорларын молайту. Буындарды, сөздерді, сөйлемдерді, қатесіз оқып, сурет бойынша өз ойларын анық жеткізе білуге үйрету. Жазу каллиграфияларын қадағалау. Топпен жұмыс істеуге үйрету.
Көрнекілігі: Суреттер, ақ қағаз, маркер, смайликтер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңберіне шығамыз. Сәлемдесу.
- Сәлеметсіңдер ма балалар? (Сәлеметсіз бе?)
- Көңіл күйіңіз қалай? (жақсы)
- Ынталарың қалай? (жақсы)
- Сабаққа дайынсыз ба? (дайынбыз)
- Оқу құралымыз түгел ме? (түгел)
- Енді сабағымызды бастамас бұрын, мына геометриялық фигураларды алып, екі топқа бөлінеміз. (оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу)
ІІ. Өткен сабақты қайталау
- Осы уақытқа дейін қандай әріптерді өттік?
- Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ата
ІІІ. Жаңа сабақ
- Ыдыстарды көрсетіп әрбір ыдыстың жеке – жеке атын айтамыз. Балалар, осыларды жалпылама қалай айтамыз? (Ыдыстар)
-«Ыдыс» деген сөзде бірінші қандай әріп келіп тұр? (ы әрпі)
- Ендеше, балалар бүгін біз ы дыбысын өтеміз. Ы дауысты дыбыс, оны қызыл үйге кіргіземіз. «Ыдыс» сөзін буынға бөлейік. Неше буын болды? (екі буын)
Кітаппен жұмыс
Оқулықтағы буынға бөлінген сөздерді оқимыз.
Сергіту сәті. «Биші шырша».
Екі топқа тапсырма: Сөздерді аяқта.
І топ:
Қайық - қа йы ғы
Тауық -......
Тарақ -........
ІІ топ:
Қап – қа бы
Топ -........
Доп -.......
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі Ы дыбысына байланысты берілген тапсырмаларды жазамыз. Үнемі қатесіз әдемі жазуларын қадағалап отыру.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту үшін екі топқа тапсырма беріледі. Өздеріне ұнайтын ыдыстың суретін салу. Бір оқушы шығып сурет бойынша әңгімелеп береді.
Ү. Үйге тапсырма. Оқулықтан 66 бетті оқып келу.
Дәптердегі тапсырманы жазу.
ҮІ. Бағалау. Тақтадағы бұлттарға қарап, оқушылар бүгінгі сабақты смайликтер арқылы бағалайды.
Ы дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: "Ы" дыбысы мен әрпі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз859 қаралым
#ашық сабақ бастауыш сынып#ы дыбысы мен әрпі
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

