Ресейлік композитор Игорь Крутой мен қазақстандық әнші Alex Lim бір-бірі туралы «бүкіл шындықты» айтып, трендті бейнеролик түсірді. Бұл видеомен олар жанкүйерлердің көңілін көтерді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Крутой қазақстандық әншімен түсірген бейнероликті өзінің Instagram парақшасында жариялады. «Сіздер бізді жақынырақ танып-білуіңіз үшін Алекс екеуміз бейнежазба жазып алдық… Көңілдеріңізді көтердік деп сенеміз. Сондай-ақ 20 қарашада баршаңызды Мәскеуде өтетін Алекстің үлкен концертіне күтеміз. Мен де сонда боламын, бәріңізді күтеміз», — деп атап өтті маэстро.
Желі қолданыстары жарияланымға мақтау мен сұрақтармен жауап берді. «Алексей — бақытты адам, ол өзімен бірге осындай алып тұлға тұрады деп ойлап көрді ме екен», «Мені мына сұрақ қызықтырады: Крутой түнде ұйықтай ма, жоқ па? Әннен кейін ән!», «Меніңше, осы роликтен кейін Крутойға ғашық болғандар көбейеді», «Сіздер кереметсіздер, көңіл көтердіңіздер, көбірек позитив тілеймін, ынтымақтастықтарыңыз сәтті болсын. Жаңа әндерді күтеміз», — деп жазды желі қолданыстары.


