Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің үшінші басқармасының бастығы Самат Кусетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында азаматтарды шетелге жұмысқа орналасу кезіндегі алаяқтық схемалар туралы ескертті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Кусетовтың айтуынша, адам саудасына қарсы күресті барлық уәкілетті органдар, оның ішінде Интерполдың көмегімен жүргізеді. Ол адал жұмыс берушінің ешқашан Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы қызметкер іздемейтінін және ең алдымен паспортты талап етпейтінін ерекше атап өтті. «Ол ең алдымен білімі туралы құжаттарды, тіл білуі туралы сұрайды. Сондықтан азаматтарымызды алаяқтардың айласына алданбауға шақырамын», — деп шақырды ІІМ өкілі.
Сол күні Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко қазақстандықтардың халықаралық адам саудагерлерінің құрбаны болған жағдайлары туралы хабарлады.


