Мәнерлеп сырғанаудан үш дүркін әлем чемпионы Илья Малинин АҚШ-тың Эверетт қаласында өткен Халықаралық коньки тебушілер одағының (ISU) 2026/27 маусымындағы Гран-приінің төртінші кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Америкалық спортшы қысқа бағдарламадан кейін көш басына шықты, ал еркін бағдарламада екінші нәтиже көрсетті — 187,57 ұпай. 284,31 ұпай жинаған Малинин бірінші орынды сақтап қалды. Ол үшін өз еліндегі Гран-при кезеңі жаңа маусымдағы алғашқы турнир болды.
Екінші орынды итальяндық Даниэль Грассль 274,73 ұпаймен иеленді — ол еркін бағдарламада жеңіске жетті. Қола медаль израильдік Тамир Куперманға бұйырды (248,55).
Бұған дейін АҚШ-тағы кезеңде би жұптары сынға түсті. Ритм-биден кейін америкалық Эмилия Зингас пен Вадим Колесник (82,52) көш бастап тұр. Екінші орында француздар Евгения Лопарева мен Жоффре Бриссо (79,94), үшінші орында чехтер Катерина Мразкова мен Даниэль Мразек (76,32).
Турнир Астана уақытымен 16 қарашаға қараған түні аяқталады. АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде Қазақстан атынан Софья Самоделкина сынға түсуде, ол әйелдер арасындағы жеке сырғанауда қысқа бағдарламадан кейін 11-орында келеді.


