Үмітке сенім жалғасып,
Тіршілік үшін талпынып.
Келесің інім, алға асып,
Арманды қуып шарқ ұрып.

Жолыңнан жүрген жаңылма,
Кедергі болса кесіп өт.
Жаңғырып тұрсын жадында,
Ағалар айтқан өсиет!