Биылғы жылдың жеті айында Қазақстанның сауда және оған қатысты салаларға тартылған инвестиция көлемі 637,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,3%-ға артық, деп хабарлайды infohub.kz.
Инвестиция өсімінің ең жоғары қарқыны Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында, Шымкентте, Қостанай облысында, Абай облысында, Маңғыстау облысында және Алматыда тіркелді.
Инвестициялық белсенділіктің ең ірі орталығы — Алматы қаласы, мұнда жеті ай ішінде 204,3 млрд теңге тартылған. Түркістан облысында инвестиция көлемі 88,7 млрд теңгені құрады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп қаржы көтерме және бөлшек саудаға — 246,6 млрд теңге бағытталған. Сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметіне, жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқаруға, ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыруға айтарлықтай қаражат салынған.
Министрлікте жаңа инвестициялар сауда инфрақұрылымын дамытуға, заманауи сауда форматтарын кеңейтуге және кәсіпкерлер үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталатынын атап өтті.
Сауда және интеграция министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, инвестиция тарту, жобаларды сүйемелдеу және сауда инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын жалғастыруда.
Бұған дейін Қазақстанда ішкі сауданың өсу қарқыны баяулаганы хабарланған болатын: 2026 жылғы қаңтар-шілде қорытындысы бойынша көрсеткіш өткен жылғы 8,6%-бен салыстырғанда 5,9%-ға өскен. Бөлшек сауда 4,1%-ға, көтерме сауда 6,7%-ға ұлғайған, ал азық-түлік тауарларының сатылымы азық-түлік емес тауарларға қарағанда айтарлықтай жылдам өскен.


