Тегеран еуропалық бірқатар мемлекеттердің аумағындағы американдық әскери нысандар Ислам Республикасына қарсы әрекеттерге тартылса, нысанаға айналуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлағандай, Иранның ықтимал қарсы қадамдары туралы парламенттің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары Аббас Моктадаи айтты.

«Біз үшін Ұлыбритания, Германия және Болгариядағы АҚШ базалары Бахрейндегі американдық базадан еш айырмашылығы болмайды. Қайсыбір елдің аумағы Иранға қарсы әрекеттер үшін пайдаланылса, ол да Иранның жауабы аясында нысанаға айналуы мүмкін», — деп келтіреді басылым Моктадаидің ирандық SNN агенттігіне берген сұхбатындағы сөздерін.

Ол еуропалық елдер әуелде АҚШ бағытына қосылуға ниетті еместігін мәлімдегенін, алайда кейін Вашингтон Еуропаның бірқатар мемлекетімен олардың аумақтары мен әскери базаларын пайдалану туралы келіссөздер бастағанын қосты.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа 2027 жыл басталған соң Иранға әскери соққы жасау туралы бұйрық беруге дайын екенін мәлімдеген.