Иран Сыртқы істер министрлігінің басшысы Аббас Аракчи Тегеранның Америка Құрама Штаттарымен дипломатиялық келіссөзге де, жаңа әскери қақтығысқа да бірдей дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Министрдің айтуынша, АҚШ-тың Тегеранға қарсы кезекті агрессиясы бұрынғыдай-ақ нәтижесіз болады.
«Жаңа агрессия басталса, біз толық дайынбыз. Қандай агрессия болса да қарсы тұрамыз, тіпті қиямет соғысы болса да. Сонымен қатар дипломатиялық келіссөзге де дайынбыз. Таңдау — президент Трамптың қолында», — деді Аракчи NBC телеарнасына берген сұхбатында.
Сыртқы саясат ведомствосының жетекшісі Иран дауды дипломатиялық жолмен шешуге толық дайын екенін, бірақ Вашингтон ирандық жеті тармақтан тұратын жоспарды қабылдаған жағдайда ғана екенін атап өтті.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның бір апталық бітімге келу туралы ұсынысын ашық түрде қабылдамаған болатын. Алайда Тегеранға түпкілікті жауап әлі жеткізілген жоқ.
Сонымен қатар Иран президенті жақында Тегеран ядролық қару жасауға ұмтылмайтынын, оны әзірлеу діни тұрғыдан тыйым салынған нәрсе екенін айтқан.
«Ядролық қару жасау — харам», — деп түсіндірді Пезешкиан.


