Ислам революциясының сақшылар корпусының (ИРСК) өкілі Хосейн Мохеби АҚШ тарапынан шабуыл болған жағдайда жаңа нысандарға соққы беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап, ол өз кезегінде Fars агенттігіне сүйенген. Иран АҚШ шабуылдары қайта басталса, бұрын соққы тимеген американдық нысандарға ұратынын ескертті, деп жазады infohub.kz сайты.

«Біздің нысандарымыз да бұрынғыдай болмайды. Бізде әлі соққы тимеген жаңа нысандар бар», — деді ИРСК өкілі Хосейн Мохеби.

Оның айтуынша, өзгерістер соғыс географиясына, қолданылатын қару мен әскери техникаға қатысты болады.

«Біз жаңа мүмкіндіктері бар жаңа қаруды майданға шығарамыз, әлем таңғалады», — деп қосты Мохеби.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Иранға жаңа шабуылы болса, қатаң жауап қайтаратынын «Хатем әл-Әнбия» орталық штабының қолбасшылығы ескерткен болатын.

Оған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен қақтығыста шешуші сәт туғанын айтып, соғыстың аяқталуы жақындағанын мәлімдеген.