Иран президенті Масуд Пезешкиан Бішкектегі ШЫҰ саммитінде Тегеран АҚШ өз міндеттемелерін орындаса, атысты тоқтату туралы меморандумға қайта оралуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz.
«Мен ашық айтамын: АҚШ аталған меморандум бойынша өз міндеттемелерін орындауға қайта оралған кезде, Иран бірден жауап қайтарады», — деп атап өтті ирандық көшбасшы.
Бұған дейін АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) басшысы Брэд Купер американдық әскерилердің Ормуз бұғазын иран тарапы қойған миналардан тазартқанын мәлімдеген еді. Алдыңғы күні АҚШ бұғазды одан әрі миналауды болдырмау үшін аймақтағы Иран нысандарына соққы жасады. Бұған жауап ретінде Тегеран Иорданиядағы американдық әскери әуе базаларына шабуыл жасады.
Сонымен қатар, ирандық әскерилер Ормуз бұғазында рұқсат етілмеген бағытта өтуге тырысқан супертанкер минаға соғылып, өртенгенін хабарлады.


