Иран делдалдар арқылы Америка Құрама Штаттары өкілдеріне Ормуз бұғазын ашу шарттарын жеткізді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Басылымның Tasnim-ге сілтеме жасап хабарлауынша, Ормуз бұғазында кеме қатынасын ашу үшін Иран АҚШ-тан елге қарсы әскери операцияны тоқтатуды және қамаудағы активтерді босатуды талап етеді. Бұл туралы елдің Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи мәлімдеді.
Сонымен қатар, Резаидің айтуынша, Ливан мен Газа секторын қоса алғанда, бүкіл аймақта әскери іс-қимылдар тоқтатылуы тиіс.
Резаи делдалдар арқылы АҚШ-қа аталған талаптарға қатысы жоқ басқа да шарттар жеткізілгенін атап өтті.
«АҚШ өз мінез-құлқын өзгертіп, Иранның шарттарын қабылдамайынша, Ормуз бұғазы ашылмайды», — деп атап көрсетті ол.
Иран шенеунігі АҚШ-ты Парсы шығанағындағы, Ормуз бұғазындағы және Оман шығанағындағы тұрақсыздықтың көзі деп атады. Оның айтуынша, Вашингтон Иранға «заңсыз соғыс» таңып, бүкіл аймақты қауіп-қатерге ұшыратты.


