Иран арнайы қызметтері Франция елшілігінің екі қызметкерін ұстады. Бұл туралы Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро әлеуметтік желі X-те мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz.

«Оларды негізсіз бірнеше сағат бойы ұстап, жауап алды, біреуін дөрекі қарым-қатынасқа ұшыратты. Ақырында олар елшілікке қайта оралды, қазір қауіпсіз жерде», — деп жазды СІМ басшысы. Барро алдағы сағаттарда дипломаттар Францияға қайтатынын айтып, болған оқиғаны «қорқыту әрекеті» және «дипломаттық иммунитетті бұзу» деп атады. Оның айтуынша, ұсталғандар Иранда азаматтық қоғамды қолдау бойынша француз бағдарламаларын іске асырумен айналысқан.