Иран елінің оңтүстігіндегі Оңтүстік Парс аймағынан 7,5 триллион текше футтан астам табиғи газ қоры табылғанын хабарлады. Бұл туралы Иранның мұнай министрі Мохсен Пакнежад мемлекеттік телеарна эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz.
Министрдің айтуынша, өндіру коэффициенті 72 пайыздан асатынын ескерсек, жаңа кен орнының алынатын қоры шамамен 5,7 триллион текше футты құрайды.
Пакнежад табылған газ көлемі Оңтүстік Парстың бір фазасының 15 жыл ішінде өндіре алатын отын мөлшерімен пара-пар екенін атап өтті. Оның бағалауынша, жаңа қорлар Иранның ресурстық базасын айтарлықтай нығайта алады.
Министр бұл «құрғақ газ» екенін, оны тікелей немесе аздап тазартудан кейін тасымалдауға болатынын атап көрсетті. Бұл кен орнын игеруге және кейін пайдалануға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Сонымен қатар, табиғи газбен бірге айтарлықтай көлемде газ конденсаты да табылды. Пакнежад жаңа ресурстардың жалпы экономикалық құндылығы ондаған миллиард долларды құрауы мүмкін екенін мәлімдеді.


