Иорданиядағы АҚШ әуебазасына Иранның шабуылы салдарынан екі американдық әскери қызметкер қаза тауып, төртеуі жараланды. Бұл ақпаратты АҚШ Қарулы күштерінің Орталық командованиесі (CENTCOM) растады, деп хабарлайды infohub.kz.

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық командованиесі X әлеуметтік желісінде Иранның Иорданиядағы базаға кешегі шабуылы туралы мәлімдеме жасады.

Тегеран зымырандар мен дрондармен соққы бергені хабарланады. Шабуыл нәтижесінде екі адам қаза тауып, тағы төрт американ солдаты ауруханаға жеткізілді. Бір әскери қызметкер хабарсыз кеткендер тізімінде.

Жеңіл жарақат алған қалған әскерилер міндеттеріне оралды.