Иранның Кешм аралындағы тұрғын үй АҚШ соққысынан зардап шекті. Екі адам үйінді астында қалып, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.
Иранның мемлекеттік Press TV телеарнасының хабарлауынша, соққы дәл осы тұрғын үйге тиген. Құтқарушылар екі адамды іздеу үшін үйінділерді тазартуда. Басқа мәліметтер әзірге жоқ.


