Иранда елдің рухани көсемі Моджтаба Хаменеидің бес айдан кейін алғашқы видеосы жарияланды. Бейнероликті мемлекеттік Mehr агенттігі таратты, деп хабарлайды infohub.kz.

8 тамызда басылым Telegram-да 12 секундтық видео жариялады, онда Хаменеи бірнеше адамның ортасында отыр. Түсірілім күні нақтыланбайды.

Еске салайық, Әли Хаменеи қайтыс болғаннан кейін Иранның жаңа рухани көсемі болып оның ұлы — 56 жастағы Моджтаба Хаменеи сайланды. Бұған дейін желіде жаңа көсемнің жарақат алуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тараған еді, алайда оны ел президентінің ұлы жоққа шығарды. Германияның BILD басылымы аятолланың жарақат алып, жасырынып жүрген болуы мүмкін екенін жазды. Кейін Иран Сыртқы істер министрлігі жарақат фактісін растады.

Сондай-ақ, Әли Хаменеиді жерлеу кезінде оның ұлы әрі мұрагері әкесінің және АҚШ пен Израиль шабуылдарының басқа да құрбандарының өлімі үшін кек алуға ант бергені хабарланған.