Иранда АҚШ әскери қызметкерлерін жою немесе тұтқынға алу үшін ақшалай сыйақы жарияланды. Сома 60 мың долларға жетуі мүмкін, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

РИА Новости Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы IRIB-ке сілтеме жасап, әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған американ солдаты үшін сыйақы туралы Иран армиясының қолбасшысы Әмір Хатами мәлімдегенін хабарлайды.

«Қаржылық джихадқа қатысуға өтінімдердің көптігін ескере отырып, американ солдатын өлтірген немесе тұтқынға алған адамға Иран армиясы 30 мың доллар көлемінде сыйақы табыс ететін жоспар әзірленді. Бұл істе табысқа жеткен ирандық әйелдер екі есе сыйақы алады», — деді Хатами.

Американ әскерилеріне шабуыл жасалатын қару Иран армиясы тарапынан нарықтық бағадан екі есе қымбат бағамен сатып алынатыны, оның орнына жаңа қару-жарақ берілетіні атап өтілді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазын Америка Құрама Штаттарының аумағы деп жариялау ниетін білдірген еді. Бұған жауап ретінде Иран армиясының қолбасшысы АҚШ-ты өз аумағынан «қуып шығатынын» және Парсы мен Оман шығанақтарына, сондай-ақ Ормуз бұғазына кіруге тыйым салатынын мәлімдеді.