Иран АҚШ-тың әрекеттеріне жауап ретінде қорғаныс стратегиясын өзгертетінін мәлімдеді. Ирандық вице-президент Мұхаммед Реза Арефтің айтуынша, бұдан былай Тегеранның жауабы асимметриялы және көпдеңгейлі болады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Арефтің сөзінше, АҚШ-тың Иран халқына қарсы жаңа қылмыстары қауіпсіздік теңдеуін және елдің қорғаныс доктринасын өзгертті. «Бұдан былай біздің жауабымыз асимметриялы, көпдеңгейлі және агрессорды қауіпсіздіктен айыратын болады», — деп атап өтті ол.
Вице-президент сондай-ақ американдықтарды олардың экономикасына қатысты ықтимал салдарлар туралы ескертіп, бензин мен отын қорлары туралы ойлануға кеңес берді, өйткені «АҚШ экономикасын қара айлар күтіп тұр».
Еске салайық, жақында АҚШ теңіз миналарын орнатуды болдырмау үшін Ормуз бұғазындағы Иран нысандарына бір ай ішіндегі алғашқы соққысын жасады. Жауап ретінде Иран Иорданиядағы американдық әскери базаларға соққы жасайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Иран президенті Масуд Пезешкиан Бішкектегі ШЫҰ саммитінде АҚШ-пен уақытша бітімге оралудың шартын атады.


