Иран Сыртқы істер министрлігінің орынбасары Казем Гарибабади АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын Американың жаңа аумағы деп атаған мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды infohub.kz.

Бұған дейін Ақ үй басшысы Ормуз бұғазы «АҚШ-тың жаңа аумағы» деп жазылған картаны жариялаған еді. Гарибабади бұл жарияланымның скриншотын орналастырып, Иран американдық көшбасшының «қате түсініктерін түзететінін» мәлімдеді.

«Жақын арада оның Ормуз туралы қате түсінігі не өзі түзеледі, не біз бұл елеспен өмір сүріп жатқан адамның қате түсініктерін өзіміз түзетеміз», — деп жазды дипломат әлеуметтік желідегі X парақшасында.

Еске салайық, 15 тамызда Трамп жақын арада Ормуз бұғазын АҚШ аумағы деп жариялау ниетін білдірген болатын. Ал кеше ол Оман бұл мәселе бойынша Иранмен келіссөздерге кедергі келтірсе, елге соққы жасаймын деп қорқытты.