Тегеран Иранның Каспий теңізіндегі сауда кемесіне жасалған соққыдан келтірілген залалдың өтелуін талап етіп отыр. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи украиналық әріптесі Андрей Сибигамен әңгімелесуден кейін мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Аракчи украиналық министрдің шабуылдың қасақана емес екеніне және Киевтің жанжалды күшейту ниеті жоқ екеніне сендіргенін атап өтті. «Иран да шиеленісті арттыруға ұмтылмайды. Дегенмен, біз азаматтарымызға немесе мүдделерімізге қарсы кез келген шабуылдардың қабылданбайтынын нақты айттық. Келтірілген залал өтелуі тиіс», — деді Аракчи. Өз тарапынан Андрей Сибига иран тарапын шиеленісті күшейтетін қадамдардан бас тартуға және Ресейді қолдауды тоқтатуға шақырғанын хабарлады. Ол Украинаның әрекеттері қорғаныс сипатында екенін атап өтті.

Еске сала кетейік: 25 шілдеде украин күштері Каспий теңізінде ирандық сауда кемесіне соққы берді. Борттағы жарылыс салдарынан экипаждың бір мүшесі қаза тауып, тағы біреуі жараланды.