Ислам революциясы күзет корпусы АҚШ-тың F-15 жойғыш ұшағын жойып, Amazon деректер орталығына соққы бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz.

Иран тарапының мәліметінше, соққы Иорданиядағы АҚШ әскери базасына жасалған. Ондағы ангарда F-15 жойғыш ұшағы жойылып, әуе қорғаныс жүйесінің радары зақымданған. Сондай-ақ, Тегеран Бахрейндегі Amazon деректер орталығының инфрақұрылымына шабуыл жасалғанын және Сирияның оңтүстігіндегі АҚШ-тың Ат-Танф нысанының бүлінгенін хабарлады.

Бахрейн билігі Иранның бірнеше зымыранын ұстап қалғанын, бірақ Иран мәлімдеген зақымдарға түсініктеме бермегенін жеткізді.

Бұған дейін Иран әскері Кувейттегі АҚШ базасындағы HIMARS жүйелеріне соққы бергені, ал Оман жағалауындағы танкерге белгісіз снаряд тигені хабарланған болатын. Бұл туралы Британдық теңіз сауда операциялық орталығы мәлімдеген.