Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы жетінші сәбиін дүниеге әкелгеннен кейін әлеуметтік желіде жүрек тебірентер жазба жариялады.
Ана болудың ең қиын әрі сезімге толы сәтін Толқын былай сипаттады: «Ананың бойындағы қорқыныш пен үміт қатар жүретін қандай сәт... Іштей өзімді бәріне дайындап келе жатырмын. Сол сәтте көз алдыма тек балаларым келе берді. Оларға аман-есен оралудың осыншалықты бақыт екенін түсіндіріп қояды ғой», - деп жазды ол.
Сондай-ақ Толқын қиын кезеңде иманға келгенін де жасырмады. «Алланыкі екенімді осы екі өмірдің ортасында қатты сезіндім. Күнделікті өмірде ауыз сөйлей береді екен», - деді ол көзіне жас алып.
Айта кетейік, 7 сәуір күні Төреғали Төреәлі жетінші рет әке атанды. Отбасында қыз бала дүниеге келген. Дәрігерлердің айтуынша, бұл Толқын үшін төртінші кесарь тілігі болған. Қазіргі таңда ана мен сәбидің жағдайы жақсы.


