Испанияда ірі теміржол апаты болды: пойыздар соқтығысып, кемінде 39 адам қаза тапты, тағы ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Antena3 телеарнасының дерегінше, төтенше оқиға Урда станциясының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, пойыз рельстен шығып кеткен кезде кемінде 39 адам қаза тапқан.

El Pais басылымы нақтылайды: AVE жүрдек пойызы жолда тұрып қалған Iryo пойызымен соқтығысқан. Соның салдарынан екі вагон үйіндіден құлап түскен.

Басылымның дерегінше, Renfe компаниясы Мадрид, Сьюдад-Реаль және Андалусия арасындағы теміржол қатынасын тоқтатқанын мәлімдеген.

Ел премьер-министрі Педро Санчес теміржол апатына байланысты «қатты қайғырғанын» айтып, «құрбандар мен олардың отбасыларына ынтымақ пен қолдау білдірді».