Италияда қайғылы оқиға болды: отбасы 31 жастағы ұлының қайтыс болғанын байқамай, шамамен 100 шақырым жол жүріп өтті. Ата-анасы оның жай ғана демалып жатыр деп ойлаған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Corriere della Sera басылымының мәліметінше, оқиға жексенбі күні үш адамнан тұратын отбасының автомобильмен Турин бағытындағы тасжолда келе жатқан кезде болған. Көлікті әкесі басқарған, анасы жолаушылар орнында отырған, ал ұлы артқы орында болған.
Мақалада айтылғандай, артқы орындағы ер адам тіршілік белгісін бермеген, бірақ ата-анасы оны ұйықтап жатыр деп ойлап, ұзақ уақыт бойы байқамаған. Кейін олар ұлын шақырып көрген, бірақ жауап алмаған. Көлікті тоқтатып, оның тамыры соқпай тұрғанын анықтап, дәрігерлерді шақырған, алайда дәрігерлер тек өлімді растаған.
Ата-анасының айтуынша, ұлы соңғы сөзін айтқаннан кейін олар шамамен 100 шақырым жол жүрген. Газеттің дерегінше, өлімге жүрек талмасы себеп болған. Ер адамның тірі кезінде жүрегінде аздаған ақау болғаны белгілі.


