Дубайдан Тель-Авивке ұшқан FlyDubai әуекомпаниясының ұшағындағы оқиға теракт әрекеті болды. Бұл туралы Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

РБК агенттігі Израильдің Channel 12 телеарнасының материалына сілтеме жасап хабарлағандай, Израиль қорғаныс ведомствосының басшысы болған оқиғаны жиһадтық шабуыл әрекеті деп атады. Оның айтуынша, апатты бірнеше израильдік жолаушының ерлігінің арқасында ғана болдырмау мүмкін болды.

«FlyDubai ұшағындағы оқиға жиһадтық шабуыл әрекеті еді. Оны ұшқыштар кабинасына кіріп, террористі залалсыздандырып, ұшақты сонда болған басқа ұшқыштар тобына қайтарып берген бірнеше израильдік жолаушының ерлігінің арқасында ғана болдырмады», — деді министр.

Исраэль Кацтың алғашқы мәліметіне сәйкес, террористің мақсаты ұшақты барлық жолаушысымен қоса жерге құлату болған.

Ұшақтағы төтенше оқиғадан кейін Израиль Әскери-әуе күштерінің истребительдері ұшаққа қарай әуеге көтерілді. Кейін әуе кемесі Сауд Арабиясына қонғаны белгілі болды. Содан соң FlyDubai әуекомпаниясы израильдік телеарнаға Дубай — Тель-Авив рейсінде ұшқыштар арасында ұшақ бортында төбелес болғанын хабарлады.

Көп ұзамай ұшақтан алғашқы фото мен бейнежазбалар пайда болды. Суретте шабуылдаушымен күрескен болуы мүмкін жолаушы бейнеленген. Билiктер ұшқыштардың бірі ұшақты әдейі құлатуға әрекеттенген болуы мүмкін деген нұсқаны тексеруде. Оның әрекетін екінші ұшқыш пен онымен күреске түсіп, апатты болдырған израильдік жолаушылар тоқтатқан болжамдалады.

Сондай-ақ ұшақ ұшқыштарының азаматтығы туралы тағы бір нұсқа айтылды. Ресей және Украина азаматтығы туралы нұсқадан кейін ұшқыштардың Оман және Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтығы бар деген деректер шықты.

Одан кейін ұшқыштардың бірі шабуылдан кейін пышақ жарақатынан көз жұмуы мүмкін деген ақпарат пайда болды.

БАҚ-та Украина мен Ресейден келген ұшқыштар жолаушы ретінде ұшып, FlyDubai ұшағының басқаруын өз қолдарына алғаны туралы да жазылды.

Кейінірек FlyDubai әуекомпаниясының ұшағында әріптесінің шабуылынан зардап шеккен ұшқыш Үндістан азаматы Смит Маччхар болғаны белгілі болды.