Тақырыбы: «Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа діни қозғалыстардың дәстүрлі діндерден айырмашылығын көрсете отырып, жалған діни ұйымдардың қауіптілігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды сұрақ қоя білуге, берілген теориялық білім нәтижесінде ой қорыта білуге, пікір айтуға дағдыландыру. Өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін жандандыру.
Тәрбиелік: Дін адамдарды имандылыққа тәрбиелейтін маңызды әдіс екенін жеткізу. Діннің маңызы мен қасиетін ұғындыру.
Көрнекіліктер: Тақырыптық слайд, интерактивті тақта, бейнебаян
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: топтық жұмыс, Венн диаграммасы, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: 2 мин
а) Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымын түгендеу
ә) Топқа бөлу (От, су, күн, ай суреттерін таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді)
Психологиялық көңіл - күй сыйлау:
От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.
ІІ. Негізгі бөлім.
«Тек сабыр мен серіктестік арқылы біз Лаңкестік, жаппай қырып - жою және кез - келген өзге қарудың таралуы, есірткі саудасы мен оның салдары секілді бүкіләлемдік зұлымдық көріністерімен күресте жеңіске жете алмақпыз.» - деген елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөздерімен бүгінгі сабақты бастағалы отырмын. Расында да, қазіргі еліміздегі діни жағдай аса қуантарлық емес.
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осыған байланысты «Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері.»
1) Берілген жайма қағазға әр топ бүгінгі сабақтың мақсатын түрлі - түсті маркермен жазып шығады. 3 мин.
2) Жаңа діни қозғалыстарға тән ерекшеліктерді ғаламтор арқылы табады, топ болып ой бөліседі. - 15 мин.
І топ: «Дәстүрлі діндер»
ІІ топ: «Дәстүрлі емес діндер»
ІІІ топ: «Жаңа діни қозғалыстар»
ІV топ: «Жалған діни ұйымдардың қаупі»
3) Венн диаграммасы
Дәстүрлі діндер-----------------Жалған діни ұйымдар
4) «Абайлаңыз, секталар!» - бейнебаянын көреді, өзара ой бөліседі, пікірлерін айтады.
Бейнебаян бойынша сұрақтар:
1) Көрсетілген үзіндіден не түсіндіңіздер?
2) Сектаға кіру қаупі неде?
3) Не себепті сектаға жасөспірімдер жиі кіреді?
5) Рефлексия
Мен.... таныстым.
...... маған оңай болған жоқ.
Ерекше ұнағаны...
.... рахмет айтамын.
Мен болашақта.... үлесімді қосып көремін.
Келер күнге тілегім....
ІІІ. Қорытынды.
Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері
Тақырыбы: «Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері»
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз699 қаралым
#тарихтан сабақ жоспары#жаңа діни қозғалыстар
Ұсынылады
Оралдық депутаттар жол жүру және қоқыс шығару тарифтерін талқылаудан бас тартты
Қала әкімдігі ұсынған жаңа тарифтерді қабылдаудан бас тартқан депутаттар ақпараттың жеткіліксіздігін алға тартты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 11 маусым
VI ғасырдағы жәдігер: Маңғыстаудан өңір тарихына жаңа көзқарас беретін артефакт табылды
Маңғыстау облысындағы Қарақабақ көне қалашығынан табылған VI ғасырға жататын құмыра өлке тарихына қатысты жаңалықтар ашуы мүмкін.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Алтын Орданың мұрагерлері: Қазақстан тарихының ресми нұсқасы қалай өзгеруде?
Тарихшы Жамбыл Сабитов Қазақстанның Алтын Орда мұрасына неге көбірек жүгінетінін, тарихқа деген көзқарас қалай өзгеретінін және мектеп оқулықтарында қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтып берді.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

