ӨлеңдерЖарқ етпес қара көңілім не қылса да
infohub.kz редакциясы · 2015 ж. 15 сәуір1302 қаралым
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да,
Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да.
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да,
Шыдайды риза болып жар ісіне,
Қорлық пен мазағына табынса да.
#өлеңдер#абай құнанбайұлы өлеңдері#абай құнанбайұлы#абай өлеңдері#абай#көңіл#қазақша өлең#жарқ етпес қара көңілім не қылса да