Әнші Жазира Байырбекованың келіні Лиза Ахметованың ұлты мен руы туралы мәліметтер ел арасында қызу талқыға түсті. Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Лиза Ахметованың ұлты – қазақ, руы – Құнанорыс.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сырт келбетіне қатысты пікірлер
7 баланың анасы Лиза Ахметованың сұлулығы көпшілікті таң қалдырған. Алайда, оның қазақ екеніне кейбір оқырмандар күмән келтірген. Желідегі пікірлердің бірінде:
«Ұлты қазақ. Руы ҚҰНАНОРЫС. Асылы Шапырашты бір жағы Адай болғандықтан тойда Адайдың салт-дәстүрі қосылды. Бірақ бәріңізге ұнаған сияқты, иә?» - деп жазды Гүлзира есімді жеңгесі.
Бұл жазбадан кейін халық өз ойларын ортаға салды. Кейбір оқырмандар:
«Құнанорыс болса негізі ол Адай бөлімінің орыспен шатысы бар. Менің нағашы атамның шешесі де Құнанорыстың қызы еді. Бойы ұзын, көзі көк, ақшыл сары славяндықтарға ұқсайтын кісі еді», - деп жазса, енді бірі:
«Ру сұрап өлдіңдер ме? Әкесі де, шешесі де мұсылман не қазбалап отырсыңдар», - деп пікір білдірді.
Жалпы, Лиза Ахметованың сырт келбеті мен ұлтына қатысты пікірталас әлі де жалғасуда.


